ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан Қытай азаматтарын босатты

Фото: Артём Чурсинов

ЖАҢАЛЫҚТАР
2538

ТЖМ құтқарушылары Қытай азаматтарын қар құрсауынан босатты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Қарағанды облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ҚХР екі азаматы туралы хабарлама түсті.

Сапарды қысқартуға ұмтылып, тас жолдан бұрған ер адамдарды құтқарушылар Қарқаралы ауданының Аққора ауылынан 15 шақырым жерде тапты. Автокөлік тас жолға сүйретіліп, аудан орталығына дейін сүйемелденді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес еді, – деп қосты ведомство.

Құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығында тек үлкен жолдар мен тас жолдармен жүру керек екенін еске салады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...