60 жастан асқан әжелерді «жалға алу» қызметі неліктен танымал?

Фото: pexel

ЖАҢАЛЫҚТАР
1127

Жапонияда егде жастағы әйелдерді сағатына шамамен 3 300 иенге (20 АҚШ доллары) және жолақысына тең қосымша ақыға жалдауға мүмкіндік беретін OK Obaachan (қазақша мағынасы – «Жақсы әжей») қызметі іске қосылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz-ке сілтеме жасап. 

бұл қызмет 2011 жылы Client Partners компаниясы іске қосқан сәттен бастап кең қолданысқа ие болып, бүгінгі күні оған 60 пен 94 жас аралығындағы 100-ге жуық зейнеткер әйел қатысып отыр. Олар тамақ дайындау, бала қарау, үй шаруасына көмектесу, каллиграфия және басқа да тәжірибелік қолдау түрлерін ұсынады. Сонымен қатар, бұл қызметтің аясында эмоционалдық қолдау – жанұялық дауларды реттеуге көмектесу, клиенттерге ажырасу кезінде серік болу немесе ата-аналарға көмек көрсету сынды қызметтер де көрсетіледі.

Аталған бастама Жапония қоғамындағы маңызды өзгерістерді бейнелейді: елде әр төртінші адам 65 жастан асса да жұмысын жалғастырып отыр. Бұл – тек қаржылық қажеттілік емес, сонымен бірге «икигай» деп аталатын өмірлік мағынаны іздеу мен белсенді болуға ұмтылыстың белгісі.

OK Obaachan — Жапонияда соңғы жылдары кең тараған «отбасыны жалға алу» қызметінің бір бөлігі саналады. Бұл қызмет түрлері әлеуметтік оқшаулану мен дәстүрлі отбасылық құрылымдардың өзгеру мәселелерін шешуге бағытталған. Адамдар жалған туыстарды, достарды жалға алып, өз өміріндегі бос кеңістіктерді толтыра алады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...