Мас жүргізуші автобус аялдамасына соғылды: зардап шеккендер бар

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
968

Алматыда мас жүргізуші автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Кадрда Mercedes жүргізушісінің үлкен жылдамдықпен келіп, автобус аялдамасына соғылғаны көрінеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, апат 27 қараша күні таңғы сағат 05:20 шамасында болған. Бейнежазбаны жариялаған азамат оқиға кезінде аялдамада ешкім болмағанын атап өткен.

«Апат Алмалы ауданында болды. Mercedes жүргізушісі Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі жолаушы жарақат алды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, рөлде отырған ер адам мас болған. Қазір аудандық полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды....

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...