Қырғызстандағы шахтада екі адам қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
354

Қырғызстанның Баткен облысындағы Самарқандек ауылында орналасқан шахтада газдың сыртқа шығуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Айта кету керек, оқиға кеше болған. Төтенше жағдайлар министрлігіне “Баткен Мұнай” шахтасында газдың таралуы туралы ақпарат түскен, жер астында үш адам қалып қойған. Оқиға орнына 13 құтқарушы жіберілген.

Шамамен 200 метр тереңдіктен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қаза тапқан екі кеншінің денесін шығарып, оларды милицияға тапсырды. Үшінші адамды аман алып қалу мүмкін болды, оны жедел жәрдем алып кетті.

Газдан уланған 18 кенші аудандық ауруханаға жүгінді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...