Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кезекте тұрғандарды бұдан былай тексеру қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
65 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылды
Фото: ЖИ
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өнеркәсіп министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтен кезекте тұрғандардың деректерін келісімсіз тексеру туралы сұралды.
Оның айтуынша, заңнамаға тиісті түзетулер 2026 жылдың жазында енгізілген. Жаңашылдық адамның мемлекеттік қолдау алу критерийлеріне сәйкестігін алдын ала тексеруге мүмкіндік береді.
"Егер тек кезегі келген адамды ғана қарастырып, барлық процедураны соған байлап қоятын болсақ, баспана бөлу кезінде көп уақыт жоғалтамыз. Біз мұны өткен жылдан бастап сезіндік, сондықтан түзетулерге бастамашы болдық және олар қабылданды", - деді Бақытжан Жүнісбеков.
Комитет басшысының айтуынша, тексерулерден кейін кезек қаншалықты қысқаратынын болжау әзірге мүмкін емес. Сонымен қатар кейінгі бір жылда 64 894 адам есептен шығарылған.
"Инвентаризация аясында кейінгі бір жылда 64 894 адам есептен шығарылды. Бұл тізімге мемлекеттік қолдау шараларын алғандар да кіреді", - деп нақтылады ол.