Әйел 1 жастағы баласын 3 күн пәтерде жалғыз қалдырған

Фото: Oxu.az

ЖАҢАЛЫҚТАР
1833

Әзербайжанның Товуз облысында 1 жас 2 айлық сәби жалдамалы пәтерде жалғыз қалдырылған. Үш күннен кейін бала табылып, полицияға хабар берілді, деп жазады MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Гянджа облыстық басқармасының мәліметінше, Товуз аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Тексеру барысында баланың анасы табылды. Ол аудандағы дәмханалардың бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Полиция әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін сәбиді өзіне қайтарды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...