Қазақстан Америкаға 49 жыл мерзімге жаңа консулдық салу үшін ауданы 70 мың шаршы метрден асатын Алма...
«Біреудің үшінші-төртінші әйелі болған»: Шаржда қайтыс болған апалы-сіңілінің әкесі мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Біріккен Араб Әмірліктерінде қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлінің әкесі қыздарының денесінен пышақ жарақаттары табылды деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ресми құжатта өлім себебі жүрек талмасы деп көрсетілген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Марқұмдардың әкесі әлеуметтік желіде тарап жатқан кейбір мәліметтерге сенбеуге шақырды. Ол қыздарының мәйіті елге жеткізілгеннен кейін денелерін өзі көргенін айтты.
«Желіде шыққан ақпараттарға сенбеңіздер. Ешқандай да денелерінде пышақ іздері жоқ. Мен өзім жаңа мәйіттер келгеннен кейін ашып қарадым. Қайтыс болу себебі жүрек талмасынан деп көрсетілген. Алайда бөгде зат қолданылмаған. БІреудің екінші немесе үшінші әйелі болды деген қауесеттерге сенбеңіздер дегім келеді», – деді марқұмдардың әкесі.
Бұған дейін БАӘ-де жұмыс істеп жүрген қазақстандық екі қыздың жалдамалы пәтерден өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін олардың мәйіттері Қазақстанға жеткізіліп, туыстары мұсылман дәстүрімен соңғы сапарға шығарып салды.
Қыздардың өліміне қатысты істің нақты мән-жайы анықталып жатыр.