Халық генералға ат мінгізді

Жаңалықтар
1874

Ат мінгізу, ақсақалдар батасы деген ұғымдардың қадіріне жете түсінетіндей жасқа әлі  жетпеген шығармын. Мына жағдайдан бір мемлекеттік ішінен бір-біріне сіңіспеген үш түрлі әлемді көріп отырмын. 

Біріншісі, қаны мен сүйегі қазақы қасиеттермен нәрленген, тамыры қазақылықтан ажырамаған топ. Көріністен даңғаза, аңғал, мәрт көңіл, дархан пейіл, ізеттілік, қамқор ниет, ізгі қасиет, жайбарақат жағдай көрініп тұр. Суретте халықтың қолпашына ие болған генерал, үміті ақталған, жетістігіне марқайған халқы. 

Екіншісі, салқын ойлы, секемшіл, дәстүрден, қазақылықтан алыстай бастаған, бұл жағдайдан күдік іздеген, санасы бір қалыппен қаланған адамдардың тобы. Бұл сипат билік басындағылар көбіне тән. Жағдайды заңнама шеберінде ғана шешуге дағдыланған. 

Үшіншісі, жағдайды бас пайдасына шешіп кеткісі келген, бір саусағын ішіне бүккен, тонын теріс киген топ. 

Бұндай топ өкілдері де қазаққа жат емес, 37 жылдары бір-бірін күйдірген осындай жағдай ғой. Біреудің үйіне костюм киген кісі кірсе, қолына қалам ұстаса, бір зиялымен жай ғана қол алысса да бір-бірінің артына шам алып түскендерден не күтесің? Жағдайды саралауға, бас-басына мін тағайын деген ниетім жоқ. Өзім көре алған контрастты ғана суреттеп бергім келді. 

Мен атаған бірінші топтан мемлекеттік қызметкер шықпауы керек пе сонда? Әр тап өзінің сызып алған шеңберінен аттай алмай қалатын жағдай қазір көп жағдайдың ушығып түрғанына себеп.  Мүмкін бір басшының ғылыми атақтары көп шығар, әлемдік деңгейдегі мінберде сөйлеген шығар, адамзаттың өміріне өзгеріс әкелетін жобаларды жасақтаған  болар, ғаламдық  сұрақтарды шешкен шығар ... 

Бірақ халықтың ықыласына бөлену деген тағы бір биік мәртебе барын білесіз бе? Жергілікті халықтың полиция басшысын қорғап, шаң жуытпай жатқанынан ол адамның осындай биік мәртебеге ие болғанын білуге болады. 

Айболат Аxметов (Фейсбук парақшасынан алынды)

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...