8 мамырда Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
817

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

 

Өкімде Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы 8 мамырда өтетіні айтылған.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамыр күні сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.

Еске салайық, 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды.