Қарағандыда ірі көлемдегі ұрлық қылмысы әшкереленді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1227

Қарағандыда ұрлық қылғандар ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Қарағандыда полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады», -  делінген Polisia.kz ақпаратында.

Белгілі болғандай, күдікті Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің біріне терезе арқылы заңсыз кіріп, ішінде ақша мен алтын бұйымдар сақталған сейфті алып кеткен. Жаңа жылдық мерекелік демалыстан кейін үйлеріне оралған отбасы қылмысты сол кезде анықтаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 10 миллион теңгені құрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жа...

СПОРТ

Түркиялық "Фенербахче" бапкері Исмаил Картал Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойын т...