8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге бір реттік әлеуметтік төлем беріледі?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1662

Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Madeniportal.kz. 

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. 

“Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азамттарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады", - делінген хабарламада. 

Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...