Өскеменде ер адам дүкен маңында тұрған көлікті көпшіліктің көз алдында бүлдіріп, әйнектерін сындырға...
Ақмола облысында 38 жастағы дәрігер көз жұмды
Фото: freepik
Ақмола облысында аудандық ауруханада жұмыс істеген дәрігер өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Қайғылы оқиғаны өңірлік Полиция департаменті растады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
“Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Есіл ауданының 38 жастағы тұрғыны өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді”, – деп мәлімдеді полиция.
Nayza Kokshe басылымының хабарлауынша, марқұмның есімі – Екатерина Шлегель. Ол қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Алматыдағы демалысынан оралған. Кейін оны Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жауап алуға шақырған.