Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасыны...
Алматыда босануға барған әйел сәбиімен қоса көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
Алматы қаласында перзентханаға босану үшін жеткізілген әйел мен оның іштегі сәбиі қайтыс болды. Қайғылы жағдай медициналық мекемеде болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел босану кезінде асқынуға ұшырап, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ана мен баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Туыстарының айтуынша, 32 жастағы Анна жүктіліктің сегізінші айына дейін денсаулығына мүлде шағымданбаған. Алайда аяқ астынан талып қалғандықтан, ауруханаға тексерілуге барыпты. Ал ондағы дәрігерлер "қажет жабдығымыз жоқ" деп, оны перзентханаға жөнелтті дейді жақындары. Ондағылар да әйелді қабылдамай, басқа перинаталдық орталыққа жіберіпті. Сол жерде келіншекті шұғыл кесір тілігімен босандырған. Өкінішке қарай, сәби өлі туған. Жағдайы күрт нашарлаған келіншектің өзі де екі күннен соң жан тапсырған.
Оқиғаның нақты себептері қазіргі уақытта анықталып жатыр. Тиісті органдар жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын бастады.
Медициналық мекеме тарапынан да ресми түсініктеме берілетіні айтылды.