«9 келі салмақ тастадым»: Президент денсаулығы жайлы сөз қозғады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
278

Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында денсаулығына қатысты да пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым»,-деді Президент.

Президент парламенттік реформа аясындағы алып-қашпа әңгімелерге жауап берді.

«Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді», - деді Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда орын алған резонансты оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы барған журналист Жанат Молдашо...

АЙМАҚТАР

9 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды, бұрқасын болады деп күтілуде деп...