«Терроризмді насихаттағаны үшін»: Қазақстанда екі адам сотталды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2187

Қазақстанның екі азаматы терроризмді насихаттағаны үшін бостандығынан айырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталғандардың бірі – Тараз тұрғыны. Ол «шетелде террористер жағында соғысқа қатысуға шақырып, айналасына үгіт-насихат жүргізген және өзі де солардың қатарына қосылуға ниеттенген».

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттады (Қылмыстық кодекстің 256-бабы), діни алауыздықты қоздырды (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) деп танылып, жеті жылға бостандығынан айырылды.

Екінші адам – Алматы тұрғыны. Іс материалдарына сәйкес, бұрын бірнеше рет сотталған ол адам Интернетте радикал идеологияны насихаттаған.

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (Қылмыстық кодекстің 256-бабы), есірткі затты заңсыз сақтағаны (Қылмыстық кодекстің 296-бабы) үшін 7 жыл 1 айға бостандығынан айырылды.

Сотталғандар кінәсін мойындады ма, жоқ па, ресми хабарламада бұл жайлы айтылмайды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...