«OLX-та жарнамалаған»: Үш жастағы баланы сатпақшы болғандар ұсталды

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1016

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында белгісіз адамдар тегін хабарландыру сайтында үш жасар баланы сату туралы жарнама жариялап, қоғамда резонанс тудырды. Бұл туралы Балалар омбудсмені ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады madeniportal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жарнамада баланың "жақсы күтімді екені" және "көп тамақ ішпейтіні" жазылған. Баланың бағасы ретінде 150 мың өзбек сомы көрсетілген. Бұл сорақы хабарландыру көпшілік назарына іліккеннен кейін бірден жойылып, құқық қорғау органдары әрекетке көшті.

"Баланың өмірі мен бостандығына қарсы мұндай қылмыстық әрекеттердің жолын кесу заң аясында қатаң және ымырасыз болуы керек!", - делінген омбудсменнің мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта полиция жарнама авторын анықтау және оқиғаның толық мән-жайын зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің ерекше бақылауына алынды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...