Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2612

Қасым Жомарт Тоқаев бір топ жазушыларға Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлық шығарды, деп хабарлады madeniportal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығы: 1) Нұржан Светқалиға, ақын – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін; 2) Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына, жазушы – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін; 3) Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына, авторлық ұжымға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін; 4) Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына, суретші – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілсін», - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...