Тірі әке-шешесін «қайтыс болды» деп әріптестерінен ақша жинап алған азаматқа байланысты іс қозғалды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
833

Астанада ер адам тірі әке-шешесін «қайтыс болды» деп жалған оқиға ойлап тауып, әріптестерінен ақша жинап алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ер адам жұмысынан сұрану үшін басшыларына әкесінің қайтыс болғанын айтып, жалған себеп келтірген. «Қайғысына» ортақтасқан әріптестері оған демалыс беріп қана қоймай, көмек ретінде ақша жинап берген.

Алайда арада бір апта өткен соң ол анасының да өмірден өткенін айтып, екінші мәрте әріптестерінен ақша дәметкен. Ал оның шын мәнінде бұл қаражатты жеке мақсатқа жұмсамақ болғаны белгілі болды.

Күдік тудырған әріптестері ақпараттың рас-өтірігін тексеру үшін анасына хабарласып, оның аман-есен екенін анықтаған. Осылайша, оның әріптестерін алдамақ ниеті әшкере болған.

«Жәбірленушілер полицияға жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің 20-дан астам әріптесі оған түрлі мөлшерде ақша аударғаны анықталды.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...