Абай есімі қойылған сәбилерге 180 000 теңге сыйақы берілетін болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2616

Меценат Дулат Тастекей қуанышты жаңалық айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Белгілі қазақстандық кәсіпкер әрі меценат Дулат Тастекей 2025 жылы 10 тамызда дүниеге келген және есімі Абай аталған барлық сәбилерге 180 000 теңге сыйақы беретінін хабарлады.

Бұл сома кездейсоқ таңдалмаған. Биыл ұлы қазақ ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Ал аталған іс-шара ұлы философтың мұрасын сақтау мақсатында жасалған тамаша қадам!

Осы маңызды оқиғаға орай, Дулат Тастекей құрған ASSYLTAS қоғамдық қоры 2025 жылды Абай Құнанбайұлы жылы деп жариялады.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...