Тазы халықаралық деңгейде қазақы ит тұқымы ретінде танылды

Фото: Ерболат Шадрахов

ЖАҢАЛЫҚТАР
2734

Халықаралық кинологиялық федерация қазақы тазыны иттердің ресми тізіміне қосу жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді, - деп хабарлады madeniportal.kz Қазақстан президентінің іс басқармасы ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім – қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.

FCI стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Келешекте сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тест жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі. Бұл деректер FCI ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазір өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады, - деді FCI президенті Тамаш Яккель.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп...