Абай облысында мектеп бухгалтері өзіне екі еселенген жалақы есептеп, жұбайына да ақша төлеп келген

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
768

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz azattyq-ruhy-на сілтеме жасап. 

Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған, сондай-ақ іс жүзінде еңбек қызметін атқармаған жұбайына заңсыз түрде жалақы аударған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.

«Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта келтірілген залал ішінара өтелді», – делінген прокуратура хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...