Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) станцияларының бірінде өрт орын алды, деп хабарлады Madeni...
Абайдың ескерткішін тазалады: Қазақстандық журналистің әрекеті елдің қошеметіне бөленді
Фото: әлеуметтік желіден
2282
Қазақстандық журналист әрі қоғам белсендісі Әсем Жәпішева Босния және Герцеговина астанасы Сараевода орнатылған қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткішін тазалап, ретке келтірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Жәпішева әлеуметтік желіде Сараевоның қақ ортасында Абайды ескерткіші бар екенін және оның қандай хәлде екенін көріп, намыстанғанын айтты. Ол ескерткішті қолымен жуып-тазалауға бел буған.
Журналист бұл үшін тіс щеткасын қолданып, ескерткішті кірден тазартып жатқан сәтін видеоға түсірген.