Бүгін, 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарба...
Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматқа уәде берді
видеодан алынған скрин
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен ер адам 31 күннен кейін ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы 24KZ жазды. Экс-депутат әлеуметтік желідегі парақшасында зардап шеккен азаматтың ауруханадан шығу сәті түсірілген видеоны жариялады.
Науқас жол апатынан кейін 31 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болған. Енді ол аяғының сынуына байланысты оңалту курсынан өтуі тиіс.
"Алда аяғын қалпына келтіруге бағытталған оңалту шаралары бар", – деді бұрынғы депутат.
Еске салайық, жол-көлік оқиғасы тамыз айының ортасында Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Бақытжан Базарбек жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды көлігімен қағып кеткен.
Зардап шеккен азамат алдымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін Тараздағы медициналық мекемеге ауыстырылған.
Аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Бақытжан Базарбек зардап шеккен азамат толық айыққаннан кейін оған Астана мен Алматы қалаларында нейрохирургиялық және өзге де қажетті медициналық көмек алуға жеке өзі жәрдемдесуге уәде берген.