«Қазгидромет» РМК тамыздың 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлады madenip...
Адамдар үйлеріне орала бастады. Дегенмен сумен арпалыс әлі жүріп жатыр - ТЖМ
www.gov.kz
Бүгінгі күні 13 543 адам өз үйлеріне оралды. 7 014 адам, оның ішінде 3 144 бала эвакуациялау пункттерінде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Нақтырақ айтар болсақ, 3 649 адам, оның ішінде 1 168 бала тікұшақтармен құтқарылған болатын. 107 613 бас мал қауіпсіз жерге айдап апарылды.
Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 570 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан су бұрылды. 5 708 жеке тұрғын үй, 1 609 аула аумағы су астында қалуда. 9,7 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,4 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді.
Зардап шеккен өңірлерге 1 445 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда. Жедел желіге түскен 1 796 қоңырау пысықталды.
Су жүрген 91 автожол, су шайған 64 автожол, оның ішінде 9 көпір және 55 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 74 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
Ақмола облысында Есіл, Жабай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жарқайың ауданының Гастелло ауылында, Жақсы ауданының Ишимское ауылында, Сандықтау ауданының Каменка ауылында 28 жеке тұрғын үй су астында қалды. 74 адам алдын ала өздігінен эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және су басу қаупіне байланысты Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка, Кустовое, Вагулина, Красноярка ауылдарында 22 жеке тұрғын үй су астында қалды. 400-ге жуық адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында, Кентау қаласында және Түркістан облысы Жетісу ауданында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 6 жеке тұрғын үй мен 41 аула аумағы су астында қалды. Түркістан облысында су айдау жұмыстары толық көлемде аяқталды, 1025 текше метр су сорылды. Жамбыл облысында су айдау жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды.