Астанада белгісіз біреулер LRT вагондарын бүлдіріп кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1037

Астанадағы Назарбаев әуежайы маңындағы LRT станциясында тұрған пойыздардың сыртына белгісіз азаматтар рұқсатсыз сурет салып кеткен. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде тараған фотосуреттер арқылы мәлім болды, деп хабарлады Мadeniportal.kz. Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

LRT жүйесін басқаратын City Transportation System ұйымы бұл жайттың орын алғанын растады.

– Пойыздардың сыртына рұқсатсыз бейнелер салынғаны тіркелді. Ақпарат құқық қорғау құрылымдарына жолданды. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр, – деді мекеме мамандары.

Компанияның хабарлауынша, пойыз сырты арнайы қорғаныс қабатымен қапталған. Соның арқасында бояу сыртқы бетке толық сіңіп кетпеген.

Қазір бұл бейнелерді жою шаралары қолға алынды.

Айта кетейік, бұл вагондар елордаға жақында ғана жеткізілген болатын.