Көшенің жағдайы мәз емесАлматы қаласында ұзындығы шамамен 3950 метрді алып жатқан ұлт көсемі Әлихан...
Әдепсіз қылық танытқан: Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкері жұмысқа мас күйде келген
Фото: видеодан скриншот
Ақтауда Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкері жұмысқа мас күйде келген. Музыка пәнінің көркемдік жетекшісінің әдепсіз қылығын оқушылар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, білім алушылар оның бұған дейін де бірнеше рет ішімдікке сылқия тойып алып мектепке келіп жүргенін айтқан. Ал қызметкер бұл ерсі қылығы үшін кешірім сұрап, ішімдік ішіп келгенін ашық мойындаған. Ол жұмысқа мас күйінде келіп, балалардың көзінше балағат сөздер айтқан.
Мектеп әкімшілігі қызметкерге ішкі тәртіпке сай тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпарат бойынша мектепте ішкі тергеу жүріп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін жұмысшы тарапынан заңбұзушылық анықталса, онда белгіленген Еңбек кодексі негізінде шара қолданамыз. Жұмыстан шығаруға дейінгі шара қабылдануы мүмкін", - деді Ақтау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ринат Жұмабаев.
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Назарбаев зияткерлік мектебі - дербес білім беру ұйымы. Сондықтан білім беру процесін ұйымдастыру және ішкі бақылау жұмысын өз бетінше жүзеге асырады.