Шымкентте танымал асаба қонақүйде ұсталды

Коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
929

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды. ІІМ мәліметінше, ол көпшілікке танымал асаба, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Астана қаласының тұрғынын ұстау операциясы Шымкенттегі қонақүй кешендерінің бірінде жүргізілген.

Полицейлер ер адамның қонақүйдегі бөлмесін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полимер пакет пен өсімдік тектес затты тауып, тәркілеген.

Сондай-ақ күдіктімен бірге әйел адамның болғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол интимдік қызмет көрсетуі мүмкін.

"Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» деп аталатын зат екенін, оларды жеке пайдалану үшін сатып алғанын түсіндірді. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр", – деп хабарлады ІІМ.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

СПОРТ

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде соққыға жығылған, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол бұ...