Ақтөбеде сүйегі судан табылған жасөспірімнің өліміне қатысты тың дерек шықты

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
982

Ақтөбеде Елек өзенінен сүйегі табылған 16 жастағы жасөспірім туралы тағы бір дерек шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Телеарна мәліметінше, марқұмның әпкесі бейнебақылау жазбасын қарап, інісі моншадан шығып, артынан ілескен көлікке отырғанын айтқан. Жақындары жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді.

Желтоқсанның басында жасөспірімнің сүйегі Елек өзенінен табылған. Көп ұзамай сол жерден 27 жастағы ер адамның да сүйегі шығарылды.

Тергеушілер екі адам бір-бірін танитынын, денесінде жарақат болмағанын хабарлады. Полиция бейнежазбадағы көлік екенін де растаған. Ал рөлдегі жүргізуші өзеннен сүйегі табылған 27 жастағы ер адам екені белгілі болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, Түлкібас ауданында мү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аша Матай соңғы жағдайларға  қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....