Жердің жаңа серігі табылды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
394

Астрономдар Жердің жаңа квазисерігі – 2025 PN7 астероидын тапқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы El.kz интернет порталы жазды.

Ғалымдардың есебінше, диаметрі небәрі 19 метр болатын бұл ғарыш тасы шамамен 70 жылдан бері біздің планетамызбен қатар қозғалып келеді және тағы 60 жыл бойы «көрші» болып қала береді.

Квазисеріктер – ерекше ғарыштық нысандар: олар Ай сияқты тікелей Жерді айналмайды, керісінше, Күнді айналып, оның орбитасы Жердің траекториясымен сәйкес келеді. Соның арқасында олар біздің планетаның «жалған серігі» іспетті көрінеді.

Бұл ерекше нысан туралы алғаш болып француз журналисі әрі әуесқой астроном Адриен Кофинэ хабарлаған. Кейін оның есептерін Мадридтегі Комплутенсе университетінің ғалымдары Карлос пен Рауль де ла Фуэнте Маркос растады. Өлшемінің шағындығы мен жарығының әлсіздігіне байланысты 2025 PN7 ұзақ уақыт бойы байқалмаған: оны ірі телескоптардың көмегімен ғана көруге болады.

Ғалымдардың айтуынша, Жердің мұндай «шағын серіктері» бұдан да көп болуы мүмкін. Жаңа зерттеу орталықтары, әсіресе Вера Рубин обсерваториясы, осындай ондаған квазисерікті анықтауға жол ашады.