AZAL ұшағының Ресей Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен атып түсірілгені туралы ақпарат тарады

Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2942

Telegram-дағы ASTRA арнасы Minval жариялаған материалда аталған капитанмен байланысқа шықты. Бұл материалда AZAL ұшағын атып түсіру бұйрығы Ресей Қорғаныс министрлігінен келгені айтылған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Oxu.Az хабарлағандай, ресейлік ASTRA басылымы бұған дейін Minval жариялаған деректердің шынайылығын растады және 2024 жылғы 25 желтоқсанда Грозный үстінде атып түсірілген Embraer E190 жолаушылар ұшағына қатысты материалға арқау болған әуе шабуылына қарсы қорғаныс қызметінің капитаны Дмитрий Паладичукпен байланыс орнатты.

Анонимді хатта Паладичуктың түсініктемесі келтірілген. Онда ол нысананы жою туралы бұйрықты телефон арқылы алғанын мәлімдейді.

ASTRA-мен әңгіме барысында Паладичук ресми пікір білдіруден бас тартты, бірақ түсініктеме жазғанын жоққа шығармады. «Мен Ресей мен Әзербайжан арасындағы қазіргі жағдайды білемін… Түсініңіздер, соғыс жүріп жатыр, мен саясаттан мүлде алшақпын», – деді ол.

Ресейлік пабликтегі деректерге сәйкес, Паладичук шынымен де әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамында қызмет еткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...