Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарл...
Әділет Алмат Австриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: olympic.kz
1122
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2 жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.