Қазақстандық режиссердің фильмі АҚШ-та көрсетілді

Жаңалықтар
530

Режиссер Рашид Сүлейменовтың «Арман. Періштелер ұйықтағанда» фильмі АҚШ-та көрсетілді. Туынды жергілікті көрермендердің көңілінен шықты. 

Басты рольдерді танымал әнші Қайрат Нұртас пен кәсіби актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сомдаған туынды қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғаған. Фильмдегі ғашықтардың қиын тағдыры көрермендерді баурап алды. Енді қазақстандық фильм қазанның 25-і күні Лос-Анджелес қаласында көрсетілетін болады. 

Наталья Кариелл, жергілікті тұрғын:

 - Фильм өте жақсы түсірілген. Актерлер де өз кейіпкерлерін жақсы сомдады. Әсіресе актрисаның ойыны ұнады. Залдағы көрермендердің қатты қобалжығаны көрініп тұрды. Жалпы туынды қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерген. 

Гүлзира Айдарбекова, фильм бас продюсері:

 - Өте қуаныштымын. Халық өте құрметпен қарсы алды. Бұл киноның адамға берері көп деп ойлаймын. Өйткені мұнда әділетсіздік, жемқорлық, және де соттағы кемшіліктер көрсетілген. Бұл айтылмайтын және айтуға болмайтын мәселелер жайлы түсірілген кино. Енді осы қазан айының соңында  бізді шақыртуда. Мынау атақты Азия кинофестивліне. Лос-Анджелеске шақырып жатыр.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...