Ағайындылдардан 6 жыл зорлық көрген 12 жастағы қыз онлайн оқитын болды

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
532

Жамбыл облысының білім басқармасы ағайындылдардан 6 жыл бойы зорлық көрген  12 жастағы қызға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап. 

«Жағдайдың толық мән-жайын анықтау мақсатында облыс тарапынан жұмысшы тобы құрылды. Жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды. Оны медициналық-әлеуметтік есепке алу туралы шешім қабылданды. Облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары зардап шеккен қызға тиісті көмек көрсетуде. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға Білім басқармасының қатаң бақылауында. Кәмелетке толмаған қыз күндізгі оқу нысанынан онлайн оқыту нысанына ауыстырылды», - деп хабарлады Жамбыл облысының білім басқармасы.

Естеріңізге салайық, кеше Жамбыл облысында 12 жастағы жиенін зорлаған 37 жастағы ер адам іздестіріліп жатқаны хабарланды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция бір күдіктіні ұстап, қамауға алған. Ал екіншісі жасырынып үлгерген, оған іздеу жарияланды.

Бұған қоса оқушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін мектеп қызметкерлеріне қатысты ҚК 141-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...