Щучинсктегі жарылыста жарақат алып, Астанаға жеткізілген бес науқастың да жағдайы ауыр

Фото: ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР
406
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 5 науқас бар, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы орталықтың басқарма төрағасы Ержан Әділбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бес науқастың да жағдайы ауыр.

Бір науқаста жоғарғы тыныс жолдарының күйігі бар. Бұл жарақаттың қауіптілігі– көмей мен жоғарғы тыныс жолдары ісініп, соның салдарынан оттегінің өкпеге өтуі қиындайды немесе мүлде тоқтайды. Бұл науқастың жағдайы өте ауыр. Қазіргі емдеу тактикасы бойынша, тынысын жеңілдету үшін, мүмкін, трахеостомия жасауға тура келеді. Яғни, тыныс алу жолын ашып, әрі қарай жансақтау шараларын жүргіземіз,- дейді ол.

Ал екінші науқастың да жағдайы ауыр екенін жеткізді.

Оның денесінің шамамен 35%-ы күйген. Күйік негізінен бетінде, қолдарында, мойынның артқы бетінде және иық тұсында орналасқан. Кей жерлерінде үшінші Б дәрежелі күйіктер бар, бұл – ең ауыр күйік түрлерінің бірі,-деді ол. 

Сондай-ақ, науқастардың еміне ұзақ уақыт қажет болады.

Бұл бір айдың ғана емес, бірнеше айға созылатын ем. Сондықтан біз оларды ұзақ мерзімді, кезең-кезеңімен емдеуді жалғастырамыз,- деп мәлімдеді орталық басшысы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Шымкенттегі үйлену тойының кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұ...