Қостанайда жантүршігерлік жол апаты: 4 адам ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
729

Қостанай облысында Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында Mercedes-Benz пен «ВАЗ-2107» автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты.

«Адам өліміне әкелген Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолындағы жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Қостанай облысы ПД.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz 200 автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Нәтижесінде «ВАЗ» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...