“Аяғым қайда деп жылайды": Атобус апатынан аяғынан айырылған қыздың суреті желідегілердің жүрегін ауыртты

Коллаж: Stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1727

Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған оқушының ағасы қыздың жағдайын баяндады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағасының айтуынша, Алуа үнемі аяғының қайда екенін сұрап, жылайды. Оның бұл сұрағы жанды қинайды дейді. Қыз күндіз-түні ұйықтамайды екен.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева ауруханаға барып, қыздың жағдайын біліп қайтқан. Оқушының анасымен анасымен оңалту және протездеу мәселелерін талқылапты. Алуа ауруханадан алып кетуді, көшеге шығуды сұрапты.

Бұған дейін 2 маусым күні кешке Астанада жолаушылар автобусы "Самал" ықшамауданының маңында бағанаға соғылған еді. Салдарынан 15 адам жарақат алған. Ал бір қыздың алған жарақатына байланысты аяғы кесілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...