Аптап ыстық +38 градусқа дейін: 10 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
116

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы өте құбылмалы болып қала береді. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады және шаңды дауылдар болуы мүмкін. Сонымен қатар кейбір аймақтарда ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі болжанып отыр. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал батыс, солтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.

Сонымен қатар шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында аптап ыстық сақталады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай облысында, Алматы облысында және Жетісу облысында күндіз ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Жоғары температураға байланысты өрт қаупі де күшейіп отыр. Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында жоғары өрт қаупі жарияланды.

Бұдан да күрделі жағдай Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында қалыптасуда. Бұл өңірлерде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласының Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Жеке сектор аумағында қария кісі өз үйінд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде танымал директор Ақмоншақ Нұртаза жол апатына ұшырады, деп хабарлады MadeniPortal....