Әйелін шәкіртіне берген уағызшыға қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады

Фото: Muftyat.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
743

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда қызу талқыланған уағызшы Құрбанәлі Ахметке қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

2026 жылғы 1 сәуірде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Құрбанәлі Ахмет аталған құрылымда қызмет атқармайды және басқармамен ешқандай ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның айтқан пікірлері мен жеке көзқарастары ҚМДБ-ның ұстанымын білдірмейді.

Діни басқарма дін мәселесіне қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырып, қоғамда түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

Бұған дейін өзін ишан ретінде таныстырған Құрбанәлі Ахметтің YouTube платформасындағы сұхбаты қоғамда үлкен резонанс тудырған. Онда ол екінші әйелін шәкіртіне “сыйға бергенін” айтқан. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...