Lufthansa ұшағы Алматыға шұғыл қонды: Рейсте жолаушы көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1080

Lufthansa әуе компаниясының Мюнхен – Бейжің бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағы Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауы себеп болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ұшу кезінде ер адам есінен танып қалған. Қону сәтінде әуежай дәрігерлері мен жедел жәрдем бригадасы ұшаққа бірден жеткенімен, дәрігерлер жолаушының ұшақ қонғанға дейін көз жұмғанын анықтады.

Қажетті рәсімдер мен жанармай құйылғаннан кейін ұшақ 07:56-да Бейжіңге қарай қайта ұшты. Әуежайдағы желілік полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік азаматтың өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...