«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесі үміткерлері қатарына шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР
3700

«Шетелдік үздік фильм» номинациясы бойынша  Сергей Дворцевойдың «Айка» атты фильмі Қазақстан атынан «Оскар» жүлдесінің лонг-листіне ілінді.

Аталмыш санат бойынша «Оскар» жүлдесіне үміттілер Константин Хабенскийдің – «Собибор», режиссер Дарья Жуктың беларусьтік лентасы – «Хрусталь», украиналық режиссер Сергей Лозницаның – «Донбасс» фильмі мен қытайлық режиссер Цзян Вэннің Hidden Man фильмі. 

Озып шығар бес картинаның аты 22 қаңтарда жария етіледі. Ал жүлде 24 ақпанда «Оскардың» 91-ші салтанатында табысталмақшы.  

«Айка» фильмі қырғызстандық қыз өмірін суреттейді, ол Мәскеуде жасырын еңбек етіп, күнін көреді. Қапелімде аяғы ауыр болып, нәрестесін перзентханаға қалдырып кетеді. Кейін аналық сезімі оянып, тастанды баласын іздеп, шарқ ұрады.

madeniportal.kz

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...