"Шіркін, Солтүстікке осындай 5000 жас отбасын көшіріп әкелсек". Белгілі қоғам белсендісі оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған отбасының видеосымен бөлісті

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
968
"TAUEKEL" қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Бурахан Дақанов оңтүстіктен солтүстікке көшіп барып, тіршілік етіп жатқан жас отбасы туралы видео ролик жариялады. Онда күйеуі дәрігер, ал әйелі мұғалім болып жұмыс істеп, ел қатарлы өмір сүріп жатқан отбасының тұрмыс-тіршілігі көрсетілген. 

Мына, Солтүстікке көшіп келген бақытты һәм еңбекқор отбасын қараңыздаршы. Қандай керемет. Үйін де алған, жұмыстары да бар.. Келін бала да пысық екен, әр түрлі дәмді заттар пісіріп, дүкенге өткізеді.. Риза болып отырмын кәдімгідей, - деп жазады Бурахан Дақанов видеоның астына. 

Оның ойынша, солтүстікке осындай 5 мың отбасы көшіп келсе, солтүстік өңірдегі демографиялық жағдайды едәуір жақсартуға болады. 

Шіркін, Солтүстікке осындай 5000 жас отбасын көшіріп әкелсек. Аз уақытта Теріскейдің ауылдары қара көз бүлдіршіндерге толып кетер еді, дейді ол.

Сонымен қатар, қоғам белсендісі осы өңірге көшіп келуді қалайтын отбасылар оңтүстік пен батыс өңірлерде көп екенін айтады. Оларды күтіп алып, құжаттары дұрысталғанша аялдайтын жер керек екенін де жазып, мәселе көтерді. 

Жалпы мұндай көшкісі кеп отырған отбасылар Оңтүстікте, Батыста жетерлік. Тек мына Солтүстікте бұларды күтіп алып, құжаттарын реттеп, ауылдарға уақытылы жайғастырып отыратын жер жоқ. Әлгі, қала жанындағы екі этажды ғимаратты "TAUEKEL" ге алуымыз керек деп жүргенім де сол. Ол ғимаратты өмірінде Солтүстікке кеп көрмеген көшіп келушінің арқа сүйеп келетін, далада қалдырмайтын һәм қысы-жазы қабылдайтын орталық қыламыз. Құдай оңдап арманымыз жүзеге асса екен, - дейді Бурахан Дақанов.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...