Ақтауда катер жартасқа соғылды: Қаза тапқандар бар

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
513

Ақтауда Каспий теңізінде серуендеп жүрген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 30 тамыз күні кешкі сағат 22:56 шамасында 5А шағынауданы маңында болған. Катердің бортында жеті адам болған.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар бес адамды жағаға шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан екі адам құтқару кеудешесін кимеген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында олардың денелері жағадан шамамен 500 метр жерден судан шығарылды.

Құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 35 қызметкері, төрт техникасы және төрт жүзу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар оқиға орнына полиция қызметкерлері, Апаттар медицинасы орталығының мамандары және жедел жәрдем бригадалары барған.

Зардап шеккен бес адамның төртеуінің денесінен түрлі жарақат анықталған. Үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылған, олардың жағдайы ауыр. Тағы бір адамның жағдайы тұрақты, ал бесінші азаматқа медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...