Алматыда қоғамдық көлікте жанжал: ер адам жолаушыларға пышақ кезенген (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
170

Алматыда қоғамдық көлікте пышақ кезеніп, жолаушылардың үрейін ұшырған 38 жастағы ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz 

Оқиға қаланың Жетісу ауданында болған. Полиция басқармасына қоғамдық көлікте ер адамның жанжал шығарып, жолаушыларға қауіп төндіріп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жеткен. Алайда ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, агрессивті әрекетін жалғастырған.Полицейлер оның әрекетін тоқтатып, қолындағы пышақты тәркілеген. Кейін ер адам полиция басқармасына жеткізілген.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат – 38 жастағы Нұржан Майлыбаев. Оған қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған.

Сот шешімімен ер адам 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция өкілдері азаматтарға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау міндетті екенін ескертті. Мұндай талаптарға бағынбағандар заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Шоу-бизнес

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова медициналық мекемеден қайта-қайта хабарласып, тексеруден...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Алматы көшелерінің қазіргі атауларын мойындамайтынын жазған блогер қазақстандықтардың наразыл...