Джузеппе Арчимбольдо. Кітапханашы. 1566 жылҚР Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің ті...
Баласының жылағанына ашуланған ер адам әйелін ұрды
Фото: freepik
Талдықорғанда бір жасар баласының жылағанына ашуланған ер адам әйеліне қол көтерді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжалға баланың мазасызданып, жылауы себеп болған. Ұйықтай алмаған ер адам әйелін ұрып, араша түсуге келген көршілерін суық қарумен қорқытқан. Сондай-ақ олардың соңынан қуған деген ақпарат бар.
Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға болған күні әйел полицияға арызданған. Ол күйеуінің дене жарақатын салғанын және қорқытқанын мәлімдеген.
Полиция бұған дейін бұл отбасыға қатысты жәбірленуші тарапынан шағым түспегенін атап өтті.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Ал әйел мен оның бір жасар баласы қажетті көмек пен қолдау көрсету үшін дағдарыс орталығына орналастырылды.