«Айтарлықтай мүмкіндік бар»: Тоқаев Бавариямен серіктестік туралы айтты

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
269

Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияға шақырып, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін Премьер-министр Маркус Зёдерге алғыс айтты.  

– Баварияның өзіне тән ерекшелігін, экономикалық қуатын, инновациялық әлеуетін жоғары бағалаймын. Кеше Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Уағдаластықтарымызды нақты нәтижеге айналдыруға ниеттімін әрі аталған мәселеде Баварияны басты серіктес ретінде қарастырамын. Бұл – өнеркәсіп пен ғылымдағы өзінің озық жетістіктерін дәстүрге деген айрықша құрметімен ұштастырған өңір. Осы арқылы Бавария Германия экономикасын алға сүйреп, экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруда Қазақстанның сенімді серіктесі болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

  Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Баварияның технологиялық табыстары мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін біріктіруге айтарлықтай мүмкіндік бар.

Елдеріміздің экономикалық ықпалдастығын жандандырып, халықтарымызды бір-біріне жақындата түсуде көлік байланыстарын жақсартудың да маңызы зор.

Премьер-министр Маркус Зёдер жаңа өсім бағыттарын іздеуге айрықша мән беретін Бавария Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол елімізде табысты жұмыс істеп жатқан бавариялық компанияларға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.  

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрімен қонақжай қазақ жерінде жүздесуді асыға күтетінін айтты.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы коммуналдық қызметтердің құны айына қанша теңгені құрайды және шаршы метр бойынша әр е...

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...