Әкесі мен балалары кафе мен дүкендерге есек етін сатып келген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3241

Өзбекстанда есек сойып, етін сатқан топ анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ташкент облысының Аққорған ауданында өзенге тасталған көп сүйек полицияның күдігіне ілінеді. Тергеу барысында арнайы цехтың жұмыс істегені анықталды. Ол жерде ешқандай санитарлық талаптар сақталмаған.

Полиция қасапшылардың фермада тағы 25 тірі есекті союға ұстап отырғанын анықтады. Күдікті ретінде ауданның 59 жастағы тұрғыны мен оның екі ұлы қамауға алынды.

Қазір полиция сойылған есектердің еті қайда сатылғанын анықтауға кірісті. Ең сорақысы, есек еті облыс орталығы Ташкенттегі кафелер мен ет өнімдерін сататын дүкендерге өтіп кетуі мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алғаш рет қазақстандық ару "Миссис Еуропа" байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

Шоу-бизнес

Тележүргізуші Анна Данченко дәстүрлі әнші Алма Аманжолованың өзіне қатысты айтқан сынына жауап берді...