Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2184

Синоптиктер 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.

Синоптиктер мәліметінше, алдымен батыс өңірлерде, содан кейін солтүстік, шығыс және елдің орталығында күн салқындайды.

"29-30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді деп күтіледі. 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қараша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронтт...