АҚШ президенті Дональд Трамп Республикашыл партия алдағы қараша айында өтетін аралық сайлауда жеңіск...
Құйын құрылыс алаңын қиратты: төрт жұмысшы көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
Түркияның Анталья қаласында құйын құрылыс алаңын қиратты: төрт жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
27 қазанға қараған түні құйын құрылыс алаңындағы жұмысшылар тұратын екі уақытша үйді қиратып, мұнаралы кранды құлатты, деп жазады Cumhuriyet.
4 жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.
Құтқарушылар үйінді астынан жұмысшыларды шығарып, ауруханаға жеткізді.
Анталья губернаторы Хулуси Шахиннің айтуынша, құйын тек осы құрылыс алаңында болған.
Жақын маңдағы ғимараттар мен басқа уақытша үйлерге зақым келмеген.
Анталья — Түркияның оңтүстігінде, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан ірі туристік қала. 2025 жылғы мәлімет бойынша, Анталья провинциясында шамамен 2,78 миллион адам тұрады. Қала жылы климатымен, әсем жағажайларымен және тарихи орындарымен танымал. Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған турист демалуға келеді.