«Тентек кәде» жасаймыз деп төбелесіп қалды: Оралдағы тойда шу шықты (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
236

Орал қаласында үйлену тойы кезінде жасалған дәстүрлі «тентек кәде» соңы жанжалға ұласып, қонақтардың бірі ауруханаға түсті. Ер адам әзіл сөздерді өзіне айтылған қорлық деп қабылдап, екінші адамға қол жұмсаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

SHYNDYK.KZ мәліметінше , оқиға Оралдағы үйлену тойларының бірінде болған. Қонақтар Батыс Қазақстанда кең тараған «тентек кәде» дәстүрін жасаған. Бұл кәде кезінде екі жақ бір-біріне әзіл-қалжың айтып, түрлі тапсырма беріп, сыйлық сұрайды.

Алайда күйеу жігіт жақтан келген қонақтардың бірі өзіне бағытталған қалжыңды ауыр қабылдаған. Екінші адам әзілін жалғастырған кезде ол күтпеген жерден оған соққы жасаған.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оның бірнеше тісі түсіп, қабырғалары сынған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы мен денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесі анықталып жатыр.

Айта кетейік, «тентек кәде» – екі жақты жақындастырып, тойдың көңілді өтуіне бағытталған әзіл-оспақ дәстүр. Қазіргі кезде қалыңдықтың туыстары күйеу жігіт пен оның жақындарының жолын бөгеп, орындарын иеленіп немесе көңілді тапсырмалар орындатып, символикалық сыйлық сұрауы мүмкін.

PESTEL

Сингапур билігі балалы отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды күшейтпек. Жаңа шаралар аясында...

Шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы Кешьюдің 20 жылдық концертінің Астанада қай күні болатынын жариялады, деп хабарлайды...