Алматыда әйел адам 20 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1713

Алматыда 20 жыл бойы құжатсыз жүрген әйелге жеке куәлік табысталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 

Полиция мәліметінше, ол Қазақстан аумағында кейінгі 20 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүріп келген. Құжатсыз қалуына – кеңестік кезеңде берілген, 1974 жылғы үлгідегі төлқұжаттың жоғалуы себеп болған.
Бұл жағдай әйелдің әлеуметтік жағдайына да кері әсерін тигізген. Ол зейнетақы рәсімдей алмады, заңды баспанасы болмай, өмірін тұрақсыз жағдайда өткізуге мәжбүр болған.

Алайда көші-қон қызметі мамандары бұл мәселені назардан тыс қалдырмады. Қызметкерлер қажет анықтамаларды жинауға көмектесіп, барлық рәсімдеу процесін мұқият бақылауға алып, нәтижесінде әйел Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ресми түрде танылып, жеке куәлікпен құжатталды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...